top of page

Академик Ж.С. Ақылбаевтың Балқаш маңызды білім беру колледжі

Колледж - сенің болашаққа деген алғашқы қадамың!

* 9 МАМЫР *

«Кеңес Одағы» деген үлкен мем­лекеттің миллиондаған халқымен бірге, Қазақстан да бұл сұрапыл соғыстағы жеңіске өзінің үлкен үлесін қосты. Қасиетті де қастер­лі Отан үшін жан беріп, жанын пида еткен шейіттерді жыл сай­ын еске алып, олардың рухына тағзым ету – біздің, кейінгі ұр­пақ­тың ең басты парызы. Егер де ойлап қарасақ, халқымыздың басына түскен 30-шы жыл­дар­дағы зұлматтан кейінгі қазақтың басына түскен екінші бір сұра­пыл қырғын Ұлы Отан соғысы болғандығы ақиқат.

 

Бұл соғыста біздің азаматтары­мыз ерлік пен қаһармандықтың ең жоғары деңгейдегі үлгісін көр­сетті. Елдің басына үлкен қауіп пен қатер, алапат қайғы мен қасірет төнген сол бір ауызбен айтып жеткізгісіз ауыр уақытта оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлердің көр­сеткен өшпес ерлігін, қаһар­ман­дық өнегесін жас ұрпақ бойында қалыптастыру ең басты мақсатқа айналуға тиіс.

Осы мақсатта негіздей отырып, академик Ж.С. Ақылбаевтың БМББ колледжінде 5 мамыр «Ерлік ұрпаққа - мұра» деген тақырыпта 7 мамыр – Отанқорғаушылар және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күндеріне орайластыра салтанатты мерекелік іс – шара ұйымдастырылды.

________________________________________________________________________

 

Кеш барысында колледждің ер – азаматтары мерекелерімен құттықтап, сый- сияпаттар жасалды. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысында ерлік пен батылдықтың, қаһармандық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, сол бір сұрапыл соғыста жанпидалықпен, жігерлілікпен бүгінгі тәуелсіздігімізді сыйға тартқан Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің патриоттық рухты, ерліктері айтылып, өскелең ұрпаққа үлгі етілді және кеш барысында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әндер тыңдалып, бейнефильмдер көрсетілді.

 

 

 6 мамыр колледж студенттерінің ұйымдастырумен,  Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 69 жыл толуына орай қала тұрғындарына Георгиев ленталары тарату акциясын өткізілді.  Шараның көздеген мақсаты - қан майданда жеңіс үшін жанын пида еткен бабалар рухына тағзым ету. Жалпы, «Георгий лентасы» – жауынгер ерлігінің нышаны. Ол – жас ұрпақтың ата-баба рухына тағзым-тағылымы.

 

Ол – өткен күндерді еске алу белгісі болып табылады. Бүгінде  Георгиев ленталарын тарату дәстүрлі шарасы әлемнің 30 елінде қолдау тауып, белсенді түрде өткізіледі. Ал Қазақстанда 2005 жылдан бері қолға алынды. Бүгінде аталмыш ленталар Жеңіс күніне орай ұйымдастырылатын салтанатты шаралардың ажырамас бөлігіне айналды.

 

Аталған шара барысында колледж студенттерімен  бір күн ішінде қала тұрғындарына 150 аса «георгиев лентасы» таратылды. Сонымен қатар, колледж ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері Г. Ворошилов атайдың үйіне барып Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, сый сияпаттарын табыс етті. Ал,  7 мамыр, 9 мамыр күндері қала деңгейінде ұйымдастырылған іс шараларға, қалалық шерулерге және мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімдеріне қатысты. 

Биыл сұ­ра­пыл соғыстың біткеніне, міне, 69 жыл болды, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы да жақындап келеді.

____________________________________________________________________

 

✪ 

bottom of page