top of page

    Олардың әпкелерінен өнеге алып, мәдениетке , өнерге ұмтылған қадамдарына құтты болсын айттық. Байқауымыздың басында арулар өздерінің шыққан тегі мен таңдаған мамандығын байланыстыра таныстырып өтті. Одан әрі өнерлерін ортаға салып, ару қыз тек көркімен ғана емес, ақылымен де көрікті болуы керек екендігін көрсетіп, сұрақтарға жауап берді.

 

   Қойылған сұрақтар негізінен қазақ халқының күз мезгіліндегі ертеден орын алған тыныс –тіршілігіне байланысты болды. Күз мезгіліне байланысты етіп, қолдан жасаған киім үлгісі мен күздегі молшылық пен берекенің белгісі жеміс –жидек, көкіністерден жасалған дастархан мәзірі байқаудың сәнін келтірді.

 

 

      Байқау болған соң жеңімпаз болуы заңды. Домбырамен әуелете халық әнін шықаған 2 курс студенті Қамзабаева Азиза 1 орын, өзбек әуенімен шыр көбелек үйірілген 3 курс студенті Мұқатай Іңкәр 2 орын, жас та болса, өзінің сүйкімділігімен көрерменді жаулап алған 1 курс студенті Мадиева Бақытгүл 3 орынды жеңіп алды.

 

     Басқа арулар да атаусыз қалған жоқ. Номинациялар бойынша марапатталғандар: « Өнерлі ару » жас ақын қызымыз Серғазинова Жанерке , « Сымбатты ару » Сайлау Айдана , « Әдемі ару » Асгөрбек Мөлдір ,« Білімді ару » Мекеева Назира, « Ақылды ару» Мурзатаева Алтын. « Күз аруы » байқауының жеңімпазы Қалалық студенттер фестивалінің « Фестиваль аруы » байқауына жолдама алды.

31. 11. 2013 ж. Академик Ж.С.Ақылбаевтың Балқаш маңызды білім беру колледжінде «Күз аруы » байқауы болып өтті. Колледждегі әр топ өз аруларын жан- жақты дайындап, іріктеу кезеңінен өткен 8 ару қыз байқауға жолдама алды. 

 «КҮЗ АРУЫ БАЙҚАУЫ

| ОБСУДИТЬ НОВОСТЬ

bottom of page