top of page

Балхашский колледж актуального

образования академика Ж.С. Акылбаева

Колледж - твой первый шаг в будущее!

«ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ — ҰЛЫС КҮН»

____________________________________________________________________

 

Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі және Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы аталып өтілуде. "Наурыз" сөзі парсы тілінен аударғанда "Жаңа күн" деген мағынаны береді. Бұл қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.

Бұл халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт - дәстүрлері мен әдеп - ғұрыптары рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымызды дәріптейтін, құрметтейтін, күн. Ұлттық құндылықтарын сақтау, ұлтжанды, ата - бабамыздан қалған ұлы мұраларымызды насихаттау, елін, жерін сүйе білетін жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында колледжда Наурыз мейрамы аясында «Армысың, Әз Наурыз!» деген атпен біршама іс – шаралар атқарылды.

 

Атап айтар болсақ, 17 наурыз колледждің 1 курс студенттерімен, оқытушыларының ұйымдастырумен кураторлық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Мұнда 1 курс студенттері Наурыз мейрамында көрсетілетін салт – дәстүрден қойылымдар қойып, ән –шашуларын арнап, би – биледі және өз қолдарынан шыққан «Наурыз көже» ұсынды.

 

18 наурыз колледж алаңында студенттеріміз қазақтың ұлттық ойындары арқан тартыс, асық ату, садақ ату, қол күрестен сайысқа түсті. Мұнда студенттеріміз біріншіден, қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеп, оның мән – мағынасын түсінсе, екіншіден, бой шымырлатып, өздерінің салауатты өмір салтын ұстана білетіндіктерін көрсетіп, күш – жігерлерін, қажыр – қайраттарын көрсете білді.

«Ең тәтті бауырсақ» сайысы19 наурыз колледжіміздің оқытушылары мен студенттері Абай, Сәкен, Мағжан ауылы болып үш топқа бөлініп, бауырсақ пісіруден яғни, «Ең тәтті бауырсақ» сайысында бақтарын сынасты.

 

Мұнда колледж директоры бастаған әділ – қазылар үш ауылды аралап, пісірілген бауырсақтардың сырт – пішініне, дәміне, ашытылып пісірілуіне қарай сарапқа салып, бағасын берді.

«Армысың, әз Наурыз!»

Ал 20 наурыз күні үш ауыл сайыстары одан әрі, өз өнерлерін көрсету және қазақтың ұлттық тағамдарынан дастархан жасау сайыстарында бақтарын сынасты.

Мұнда әр ауылдың өнері, актерлік шеберліктері және ұлттық нақышқа тән киім кию, ұлттық негізде, салт – дәстүрлерімізді дәріптей алатындай өнер көрсетуі және дастархандағы қазақтың ұлттық тағамдарын мейлінше көп ұсынылуы, оларды дайындалу әдіс – тәсілдеріне қарай бағаланды.

 

Нәтижесінде, өздерінің өнерлерін жан – жақты көрсете білген, ұлттық салт – дәстүрлерімізді мейлінше насихаттап, мән – мағынасын аша білген Сәкен ауылы 1 орынды, Мағжан ауылы 2 орынды, Абай ауылы 3 орынды иеленді және әр топ бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. 

Сонымен қатар, Наурыз мерекесіне орай, колледж ұжымы қалалық балалар үйінің тәрбиеленушілерін қонақ қылып, сый – сияпаттарын жасады.

 

Балалар үйінің тәрбиеленушіде Наурыз мерекесіне құр қол келмеген екен, оларда өздерінің колледж ұжымына деген алғыстарын ән – шашуларымен білдірді.

«Қалалық байқау «Наурызға көрік берген сұлу сән»

____________________________________________________________________

 

Қалалық байқау «Наурызға көрік берген сұлу сән»

21 наурыз колледж ұжымы қалалық Наурыз мейрамын мерекелеу аясында Балқаш қалалық тарихи – өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен өткізілген, «Наурызға көрік берген сұлу сән» ұлттық киімдер байқауына қатысты. Байқау барысында ұлттық киімдердің ұлттық нақышта тігілуі, ою- өрнектері, әсемдігі, көрерменге ұсына білу шеберліктері бағаланды. Байқауға қалалық колледждер және мемелекеттік мекеме ұжымдары қатысты.

 

Байқау нәтижесінде, колледж ұжымы өздерінің сәнімен әсемдігі келіскен ұлттық киімдері көрсету барысында ІІІ орынды иеленді. 

«Көктем аруы»

____________________________________________________________________

 

22 наурыз қалалық деңгейде Наурыз мейрамын мерекелеу өз жалғасын тапты.

Бұл күні колледж ұжымы Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған, «Көктем аруы» атты арулар сайысында ат салысты. Сайыс Балқаш қалалық М. Хамзин атындағы Мысшылар мәдениет сарайында өткізіліп, оған қалалық колледждерден «Көктем аруына» үміткер 7 ару қатысты.

 

Мұнда аруларымыз, өзін –өзі таныстыру, өз өнерін көрсету және қажетсіз материалдардан сән үлгісіндегі киім тігіп, мода көрсету деген секілді кезеңдерде бақтарын сынасты. Біздің колледжіміздің атынан бақ сынап шыққан, жас аруымыз 1 курс студенті «Туризм» мамандығының студенті Мадиева Бақытгул еді.

Жас арумыз сайыстың әр кезеңінде – ақ өзінің сұлу да сымбаттылығымен қатар, он саусағынан өнер тамған шеберлігін, көркіне ақылы сай, тапқырлығын көрсете біліп, әділ – қазылардың көзайымына айналды. Нәтижесінде, аруларымыз түрлі номинациялармен марапатталып, біздің колледждің жас аруы «Парасатты ару» атағына ие болды.

bottom of page