Колледжімізде «Қазақ хандығына-550 жыл» атты жалпы колледждік тәрбие іс-шарасы өтті.
Іс-шараға колледждің 1-4 курс аралығында студенттер және барлық оқытушылар қатысты.
«Қазақ хандығына-550 жыл» атты жалпы колледждік тәрбие іс-шарасы негізінен қазақ хандығы туралы айтылып, Қазақстан Республикасының Президентінің «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жолдауда «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы.
Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.
Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие»- деді.
Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек.
Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел!
Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Колледждік тәрбие іс-шарасында 1-ші курс студенттері өздерінің шығармашылықтарынан қазақ хандығына арналған тақпақтарын мәнерлеп оқыды. Директордың оқу орынбасары Исеева Н.Т.алғыс сөз сөйледі.
Тарих пәнінің оқытушылары Р.Азылханова, Л.Скакова қазақ хандығына жалпы жолу жасады.
" Колледж - твой первый шаг в будущее! "
БАЛХАШСКИЙ КОЛЛЕДЖ АКТУАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ ИМ. Ж.С. АКЫЛБАЕВА
Смотрите так же: